![21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынуы мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/2023/9/26/1695706199471.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елімізде 11-15 жастағы жасөспірімдердің 10%-ы вейптерді тұрақты түрде шегеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.
«Елімізде ересектердің 21%-ы темекі тартады, балалардың 20%-ында артық дене салмағы бар, оның ішінде 6%-ы семіздіктен зардап шегеді. Ал энергетикалық, тәтті сусындарды 17,5%-ы тұтынса, артық дене салмақтың таралуы-15%-ы құрап отыр. 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды енгізу жөніндегі норманы талқылау рәсімі жүргізілуде» - деді министр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181892/)