Бұл – Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы фанаттары. Олар Азиадада бақ сынап жатқан Қазақстан құрамасына жанкүйер болып жатыр. Жастар жағы ғана емес, Димаштың өнерін бағалайтын үлкендер де бар, мұнда. Сондай-ақ біздің құрамаға Қытайда оқып жатқан студенттер, қандастар да қолдау білдіруде.
Дэн Юэ, Ханчжоу тұрғыны:
Қазақстандық дзюдошылардың белдесулерін көрдім. Жақсы өнер көрсетті. Қазақстанда да ірі халықаралық ісшаралар өтетінін білемін. 2017 жылы сіздерде ЭКСПО көрмесі өткенінен хабардармын.
Лю Пэнчжань, жанкүйер:
Иә, мен Димашты білемін, концертте көрдім, өте керемет. Қазақстанның спортшылары мен жанкүйерлеріне алыстан келіп, Азиадаға қатысқандары үшін алғыс білдіреміз. Бұл өз еліне және спортқа деген сүйіспеншіліктің дәлелі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Димаштың фанаттары Қазақстан құрамасына жанкүйер болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181899/)