Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына орай, Астанада жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Кітаптың авторы – Мәшһүр Жүсіптің шөбересі Абай Шарапиевтің айтуынша, жинақта ғұламаның өмірі мен шығармашылығы жаңа қырынан баяндалады. Еңбек бұрын-сонды жарияланбаған тың деректерімен құнды. Мәселен, ойшылдың батагөйлік, емшілік пен көріпкелдік сынды ерекше қасиеттері кітапта жан-жақты айтылады. Аталмыш шара «Алтын Қыран» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Ақмаржан Ғафиз
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына орай жаңа кітаптың тұсауы кесілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181957/)