Өз бюджетін өзі басқаратын әкімдер сайлауына 38 күн қалды. Кандидаттарды ұсыну 5 қазан күні сағат 18:00 аяқталады. Ал 10 қазанда үміткерлер сайлауалды үгіт насихат жұмыстарына кіріседі. Яғни, 24 күн бойы өз бағдарламаларын тұрғындарға насихаттайды. 4 қараша тыныштық күні. 5 қарашада халық өз таңдауын жасайды. Сайлау 42 аудан мен облыстық маңызы бар 3 қалада өтеді.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы Салтанат Тұрсынбекова саяси науқанның жергілікті деңгейдегі қордаланған мәселелерді шешуге ықпал ететініне сенімді.
Салтанат Тұрсынбекова, ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының басшысы:
Әкімді халық сайлайтын болса, қандай деңгейде болса да, оның нәтижесі басқаша болады. Өйткені, халық жағдайын түсінетін, ең керек мәселелерін шешетін – әкім.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әкімдер сайлауына 38 күн қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181972/)