Қазақстанда жеке инвесторлардың қаржысына 20 көпбейінді аурухана салынады. Бұл жайында Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен инвестициялық ахуалды жақсарту туралы кеңесте айтылды. Жиында заманауи медициналық технологияларды енгізу, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту, білікті мамандар даярлау, шалғайдағы елді-мекендердің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету мәселелері жан-жақты талқыланды. Қазірдің өзінде бірнеше шетелдік ірі компания Қазақстан медицинасына қаржы құйып, дәрі-дәрмек өндірісін дамытуды жоспарлап отыр. Үкімет 2027 жылға қарай медицина саласын қаржыландыру деңгейін ЖІӨ-нің 5%-на дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Осылайша медицина саласындағы негізгі проблемалар шешілмек.
Оңғар Алпысбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда жеке инвесторлардың қаржысына 20 көпбейінді аурухана салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182149/)