Мемлекет басшысы «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады. Кездесуде Президентке «Қазпоштаның» 8 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндалды.
Компания соңғы 5 жылда алғаш рет шығыны аз, табысты мекемеге айналып отыр. Әсел Жанасованың айтуынша, еліміздің шалғай елді-мекендерінде «Қазпоштаның» бөлімшелер желісін кеңейту жоспарланып отыр. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қаржылық жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастыруды, ауыл тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік және мемлекеттік қызметтер аясын ұлғайтуды тапсырды.
Әсел Жанасова, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:
Осы жылдың 8 айын алып қарайтын болсақ, біздің кірістеріміз 44 пайызға өсті. Бұл бірнеше факторларға байланысты. Бірінші, шығындарды қарастырып, оңтайландырып, 8,9 млрд теңге үнемдедік. Сәлемдемелер бизнесінің өсуіне байланысты 33 пайызға көлемі өсті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы «Қазпошта» басшысын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182187/)