Көмірсутегі кен орындарын барлау және өндіру жұмыстары жалғасады. Мемлекет басшысы CNPC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дай ХоуЛянды қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру жөніндегі жобаның еліміз үшін мәні зор екенін айтты. Әрі Қытайға газ экспорттауға және Бейнеу-Бозой-Шымкент жаңа газ құбырының желісін салу жобасына, сондай-ақ Қазақстан мұнайының экспорт көлемін ұлғайтуға қатысты мәселелерді қарастырды.
Асима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент CNPC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182245/)