Ақмола облысында ата-анасы қан құюдан бас тартқан бөбектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Еске сала кетейін, миы ісініп, өкпесінің екі жағы зақымданғандықтан, комаға түскен 1 жасар 8 айлық бала 24 қыркүйек күні санавициямен облыстық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, медициналық көрсеткіштер бойынша, бүлдіршінге шұғыл түрде қан құю қажет болыпты. Алайда, ата-анасы одан бас тартып, бала төрт күннен кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Баласына қан құюдан бас тартқан ата-анаға қарсы қылмыстық іс қозғалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182250/)