Көкше өңірінде ағаштан түйін түйіп, отыз жылда бір жарым мыңға жуық домбыра жасаған шебер тұрады. Оның қолынан шыққан аспаптар ауыл-аймақтан асып, Америка, Германия, Франция, Қытай елдеріне де арнайы тапсырыппен жіберіліп жатыр. Кейбір бұйымдары Польшадағы мұражайға да қойылыпты. Самат Қадыралин асқан ыждағаттылық пен жауапкершілікті қажет ететін өнерді/ бала кезінен меңгерген. Негізгі мамандығы-құрылысшы. Дегенмен, ол кірпіш қалап, үй соққаннан гөрі әр түрлі аспап жасағанды ұнатады. Оның қолына тиген доғал ағаш әп-сәтте әдемі, зерлі бұйымға айналып шыға келеді.
Самат Қадыралин, шебер:
Домбыра сапалы болу үшін бүкіл қандай ағаш бар қажетті дыбыс шығаратын соның бәрін қолданамын. Именго дейміз, амарант дейміз, яварь дейміз, тянь-шань енді міндетті түрде. Қазіргі енді тоқтағаным жаңғақ, сосын имень, қызыл бук.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкшетауда мыңға жуық домбыра жасаған шебер тұрады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182350/)