Ресейдің ұлттық валютасы құлдырап, бір доллардың құны 100 рубльден асты. Бір жылда рубль 70 пайызға құлдыраған. «Оған «Brent» маркалы мұнайдың бірден 5% - ға арзандауы себеп болды»- дейді сарапшылар. Бұған қоса Қытай юаньы да рубльге шаққанда өскен. Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар қабылдағанымен, нәтиже жоқ. Соңғы екі айда Ресейдің ұлттық банкі базалық мөлшерлемені екі рет көтерген. Салдарынан азық-түлік, әуе билеттері, техника бағасы 30 байызға қымбаттады. Енді елде ипотекаға тұрғын-үй алу қиындай түспек.
Константин Апрелев, сарапшы:
Елде инфляция жоғары болғандықтан, ипотека алу үшін пайыздық мөлшерлеме өсті. Сондықтан несиеге сұраныс үш өсе төмендеген. Тұрғын-үй бағасы да көкке ұшты. Егер бұлай жалғаса берсе, ипотекалық бағдарламалардың бәрі жабылуы мүмкін.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейде рубль құлдырап, доллар қымбаттады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182371/)