Павлодар қаласының «2-ші Павлодар» деп аталатын бөлігінде жарылған құбыр жөнделіп көпқабатты 33 үйге жылу беріле бастады. Апат 4-ші сорғы стансасы аумағында кеше кешкі уақытта болған. 65 градусқа дейін қыздырылған ыстық су атқылаған диаметрі 400 миллиметрлік құбыр тұтас жаңартылды. Қазір облыс орталығындағы нысандардың 90 % жуығына жылу берілді-дейді монополист компания өкілдері. Естеріңізге сала кетейік, Павлодар қаласындағы әлеуметтік нысандардарға жылу беру қыркүйек айының 18-де басталған болатын. Қазір ондаған учаскелерде ақау шыққан желілерді жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда құбыр жарылған шағын ауданға жылу беріле бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182383/)