Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды. Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан және Қырғыз қор құрылтайшылары ретінде тіркелді. Қордың штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында орналасқан. Қор өзара мүдделі салаларда даму жобаларын қолдауға негізделген. Оның жарғылық капиталы 500 млн доллар көлемінде болмақ.
Абзал Әбдікәрімов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:
Қордың негізгі міндеті - халықаралық қатынастарды дамыту. Түркітілдес мемлекеттер арасындағы сауда-ынтымақтастықты дамыту. Қордың мандатына шағын және орта бизнесті дамыту, инфраструктуралық жобаларды қаржыландыру одан кейін ішкі сауданы дамыту сияқты бағыт тардан құралады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркі инвестициялық қоры құрылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182385/)