Жамбыл облысында ірі тау-кен металлургия комбинатын іске қосу жоспарланып отыр. Заманауи еуропалық өңдеу технологиялары қолданылатын кәсіпорын республикадағы ең жоғары технологиялық зауыттардың біріне айналады. Бұл туралы Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен «Monterra Group» компаниясының өкілі Иоганн Штоль кездесуінде айтылды. Тау-кен металлургия өнеркәсібі ел экономикасының көптеген салаларын дамытуға мультипликативті әсер етеді, деді үкімет басшысы. Жобаны 2026-2029 жылдар аралығында үш кезең бойынша іске асыру жоспарланып отыр. Ең жоғары қуатқа жеткеннен кейін кәсіпорын жылына 5 миллион тоннаға жуық алтын кенін өндіріп, өңдей алады. Жобаға 832 млрд теңгеге дейін тікелей шетелдік инвестиция тартылады. Нәтижесінде 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында ірі тау-кен металлургия комбинаты іске қосылмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182432/)