Астық бағасының көтерілуі нәтижесінде 13 өңірде ұн бағасы өсті. Нақтырақ айтсақ баға Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Атырау, Қарағанды, Жетісу облыстарында өскен. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді.Оның сөзінше жалпы әлеуметтік азық-түліктің бағасы тұрақтандырылып, былтырмен салыстырғанда елімізде азық-түлік инфляциясының өсу қарқыны 3 есе төмендеген. Сонымен қатар, премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте соңғы 9 айдағы азық-түлік өнімдерінің бағасы мен алдағы маусымаралық кезеңдегі жоспарлар талқыланды.
Олжас Керейхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сауда және Интеграция министрлігі: 13 өңірде ұн бағасы өсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182451/)