Енді Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарына тоқталсам. Джиу-джитсудан 57 келі салмақта Галина Дуванова финалға шықты. Ол жартылай финалда Таиланд споттшысын жеңіп, финалға жолдама алды. Ендігі қарсыласы - Азияның 3 дүркін чемпионы Филиппин спортшысы Анние Рамирез.
Сондай-ақ, еркін күрестен 76 келі салмақта Жәмила Бақбергенова финалға жолдама алды. 1/2 финалда Үндістан балуаны Киранды 4:2 есебімен ұтты. Финалда жерлесіміз әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері, қырғыз елінің спортшысы Айпері Медетқызымен белдеседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азия ойындары: Жәмила Бақбергенова финалға жолдама алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182458/)