Қарағандыдағы әлеуметтік орталық тәрбиеленушілерінің жаппай улану дерегіне қатысты құрылған комиссия бірнеше заң бұзушылықты анықтады.
Санитар-эпидемиолог мамандар мұндағы асханадан жәндіктерді тапқан. Бұған қоса ауыз су жуынатын бөлмеде тұрған. Бұл талапқа қайшы,-дейді мамандар. Сондай ақ орталықта кадр тапшы, қызметкерлер тұрақтамайды. Еске салсақ , 30-ы шілде күні Қарағандыдағы балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жеткіншек уланып, 2-уі көз жұмған еді. Сот медициналық тексеру қорытындысы әлі шыққан жоқ. Тергеу жалғасуда.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыдағы әлеуметтік орталықта санитарлық талап сақталмаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182546/)