Түркия компаниясы Қазақстан экономикасының түрлі салаларында, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Бұл туралы Eren Holding басшысы Ахмет Ерен еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен кездесу барысында айтты. Түрік компаниясы басшысының сөзінше жоспарланған жобалар қағаз өндірісі, тау-кен металлургия кешені, энергетика және тоқыма өнеркәсібі сияқты салалар болуы мүмкін. Айта кетейік, қазір елімізде түрік капиталының қатысуымен 4 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Оның ішінде инфрақұрылым, тамақ өнеркәсібі және фармацевтика салалар бар.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түрік компаниясы жаңа инвестиция салуға ниетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182559/)