Израильдегі Қазақстан азаматтарын алып келу үшін ертең «Air Astana» әуе компаниясы арнайы рейс орындауды жоспарлап отыр. Алматы қаласынан ұшу сағат таңғы 08:00-ге, ал Тель-Авив қаласынан жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған. Ұшақ жолда Ақтау қаласына жанармай құю үшін қонады. «Air Astana» әуе компаниясының ақпараты бойынша, қазір Тель-Авив қаласының әуежайымен рейстің келу және ұшу уақыты келісіліп жатыр.
Оңғар Алпысбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Израильдегі отандастарымызды алып келу үшін арнайы рейс ұйымдастырылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182575/)