Қарағандыда балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған жасөспірімдердің соңғы екеуі ауруханадан шықты. Олардың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Дегенмен дәрігердің бақылауында болады.Осылайша жаппай уланған 14 баланың 12-сі аман-есен орталыққа қайтты. Қазіргі таңда мекемеге қатысты комиссия тексерісі аяқталды. Санитарлық-эпидемиолог мамандар бірнеше олқылықтарды анықтаған. Мәселен мұндағы асханадан жәндіктерді тапқан. Бұған қоса ауыз су жуынатын бөлмеде тұрған. Бұл гигиеналық талапқа қайшы,-дейді мамандар.Еске салсақ , 30-ы шілде күні Қарағандыдағы балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 бала белгісіз себеппен уланып, салдарынан 2-уі көз жұмған еді.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда әлеуметтік орталықта жаппай уланған балалар ауруханадан шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182589/)