Ақмола облысында жұмбақ жағдайда қаза болған студент өліміне қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Полицейлердің мәліметінше, 19 жастағы студенттің денесі «Бурабай-Жамантұз» курорты аралығындағы теміржол рельсінен табылған. Тексере келе, ол Щучье қаласындағы жоғары техникалық колледждің төртінші курс студенті Роман Бодагов екені анықталды. Қайтыс болған студенттің ата-анасы, одан бәзбіреулер ақша бопсалағанын айтып, арыз жазған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Мұхтар Қожаев, ҚР ІІМ тергеу департаменті бастығының міндетін атқарушы:
Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын-ала тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Щучьедегі студенттің өлімі: ІІМ екі қылмыстық іс қозғады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182641/)