Ауғанстанның батысында сенбі күні болған жер сілкінісінен 20 ауылда 2 мыңдай үй толық қираған. Мұны осы елдің Апатпен күрес жөніндегі ұлттық басқармасының баспасөз хатшысы мәлімдеді.
Оның сөзінше, 2 жарым мыңға жуық адам қаза тапты. Олар қазір Герат провинциясында жаппай жерленіп жатыр. Сонымен қатар, мыңдаған тұрғын жараланды. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, 6,3 баллдық зілзаладан зардап шеккен аудандардағы іздеу-құтқару операцияларына мыңнан астам адам тартылып жатыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауғанстанда зілзаладан 20 ауылда мыңдаған үй қирады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182654/)