Ал, Жетісу облысында жыл басынан қызылша дертін жұқтырды деген 255 жағдай тіркелген. Зертханалық сынамалардан кейін 186 адамның індеті расталған. Ауруға шалдыққандардың 83 пайызы, яғни 155-і бала. Инфекциялық індеттің асқынуының басты себебі -уақытылы екпе алмау дейді, сала мамандары. Адамнан адамға жұғатын дерттің инкубациялық кезеңі 7-21 күн. Дәрігерлердің айтуынша, бұл індеттің арнайы емі жоқ. Ал жұқтырмаудың ең тиімді жолы – вакцинация.
Гауһар Башаева, Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекші маманы:
Екпе алмағандар арасында тіркелу 87,6 пайызын құрап тұр бүгінгі күнге. Қазіргі уақытта облысымызда жағдай тұрақты. Бүгінгі күнге өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ. Асқынулар болған жоқ.
Қуаныш Қанатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жетісу облысында 186 адам қызылша жұқтырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182657/)