Жыл сайын 600-ге жуық баладан қатерлі ісік анықталады. Бұл - Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі. Дәрігерлер дерттің жасарып бара жатқанына алаңдаулы. Қазір қатерлі ісікке шалдыққан 4 мыңға жуық бала мамандардың бақылауында. Жалпы 13 мыңнан астам адам, ата жаман аурудың құрбаны болады. Дәрігерлер ауруды ерте анықтаса дерттен айығуға мүмкіндік бар дейді. Онкологиялық көмек кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Науқастарға 500-ден астам дәрігер ем-дом жасайды. Бүгінде жыл сайын осы бағытта 30 мың ем-дом жасалып жүр .
Вячеслав Дудник, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
Жыл сайын 30 мың онкологиялық операция химиотерапия немесе тәуелсіз әдіс ретінде жасалады. Бұл ретте бейнеэндоскопиялық жабдықты пайдалана отырып орындалатын операциялардың үлесі 30%-ға дейін ұлғаяды. 14 мың пациент химиотерапиялық ем алады, бұл жылына шамамен 90 мың сеанс.
Тәуірбек Бозекен
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде төрт мың бала қатерлі ісіктен емделіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182804/)