Батыс Қазақстан облысында үш аудандағы әкім сайлауына 9 кандидат тіркелді. Тасқала, Қаратөбе және Бөкей ордасы аудандары бойынша әрқайсысында үш үміткер сайлау додасында бақ сынамақ. Дені - мемлекеттік қызметкерлер. Кандидаттарды тіркеу аяқталып, үгіт-насихат басталып кетті. Баспа материалдарын орналастыру үшін 62 арнайы орын бөлінді. Қосымша ақпараттық жазбалар учаскелік сайлау комиссияларында орналастырылады. Үгіт-насихат 4 қарашада түнгі сағат 12-де аяқталады. Ал қазанның 15-інен бастап учаскелік сайлау комиссиялары жұмысқа кіріседі.
Асыланбек Ғұбашев, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі:
Жалпы 16 кандидат ұсынылды, солардың 9-ы тіркелді. Жоғары бәсекелестік ортаны сезінген болуы керек, кейбіреулері өзінің берген ұсынбаларын кейін алып кетті. Кейбірі құжатты толық тапсырмады. Кейбіреулер біліктілік талаптарына сай болмады.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстан облысында үш ауданда әкім сайлауына 9 кандидат тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182808/)