Павлодардағы жекеменшік үйлердің бірінде, су құбырын тартып жатқан екі жұмысшының үстіне қазылған шұңқырдың құмы құлап, басып қалды. Біреуі – аман. Төтенше жағдай қызметкерлері құтқарды. Ал, 51 жастағы азамат сол жерде тіл тартпай кеткен. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы орган мамандарының алдын ала мәліметіне қарағанда техникалық қауіпсіздік ережесі сақталмаған. Себебі, су тарту жұмыстары қас қарайған уақытта жүргізілген.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда жұмысшы қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182905/)