«111 байланыс орталығы», «AMANAT» партиясынан, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілді. Осыған орай үш жақты меморандум жасалды.
Партиялық жоба – 3 жылдан бері отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс істеп келді. Үш жылда байланыс орталығына 50 мыңға жуық адамнан қоңырау түскен. Өтініш берушілердің 82,6%-ы – әйелдер. Оның 68%-ы бойынша нақты көмек көрсетілген.
Айта кетейік, елімізде күн сайын балаларға қатысты 6 қылмыс жасалады. 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегеді.
Дәулет Кәрібек, «Аmanat» партиясының атқарушы хатшысы:
«111 «AMANAT» шұғыл қызметінің іске асуы бойынша цифрлық министрлікпен және Қазақстан Республикасы Балалардың құқықғын қорғау жөніндегі өкілімен бірлесе меморандумға қол қойып, елге қызмет етуіне бірлесе жұмыс атқаратын боламыз.
Данияр Әлімқұл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде күн сайын балаларға қатысты 6 қылмыс жасалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/182949/)