Елімізде алимент төлеуден жалтарып жүрген 1 618 адамға іздеу салынған. Бас прокуратура мәліметтері бойынша олардың 1 мың 476-сы - ер, ал 142-сі - әйел адамдар.
Құқық қорғау қызметкерлерінің назарына іліккен азаматтардың жас шамасы – 31 мен 40-тың арасы. Баласын бағып-қағуға қолғабыс етпей жүрген қазақстандықтарды аймақтар бойынша қарастырғанда, олардың дені Астанадан - 361 адам. Сондай-ақ, алимент бойынша борышкерлер тізімінде Алматы қаласының 191 тұрғыны бар. Үшінші орында - Ақтөбе облысынан - 143 адам.
Қаракөз Кенжебаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда 1618 адам алимент төлеуден жалтарып жүр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183047/)