Бүгін – құтқарушылар күні. Ақмола облысында орман және дала өртіне қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Жыл басынан бері өңірде орман және дала өртінің 100-ден астам дерегі тіркелген. Сондықтан құтқарушылар кез-келген жағдайға сақадай сай болуы керек. Оқу жаттығудың басты мақсаты осы. 300-ге жуық адаммен 100-ден астам техника жұмылдырылған шарада қызыл жалынмен күрес кезең-кезеңімен көрсетілді. Яғни өрт сөндірушілер бірер минутта тұтанған өрттің аумағын анықтап, оның таралуына тосқауыл қойды.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында дала өртіне қарсы оқу- жаттығу өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183133/)