Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим 10 қарашадан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Ортақ келісімге сай, екі елдің азаматтары енді туризм, емдеу, халықаралық тасымалдау, транзит сондай-ақ, іскерлік мақсаттар үшін визалық талаптардан босатылады. Шекарадан өткен күннен бастап 30 күнге дейін виза талап етілмейді. Айта кетейік, қазір Қытай азаматтары Қазақстанға, ал Қазақстан азаматтары Қытайға 14 күнге визасыз келіп-кетіп жүр.
Торғын Мелісқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Қытай арасында 10 қарашадан бастап визасыз режим күшіне енеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183190/)