Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Қарақозы Әбдалиев атындағы халықаралық бокс турнирінде қазақстандық былғары қолғап шеберлері Өзбекстан мен Қытай спортшыларын айқын басымдылықпен жеңді. 13 салмақ дәрежесі бойынша өткен бәсекенің финалдық сайысында 9 боксшымыз жеңімпаз атанды. Олардың арасында 57 келіде тамаша ойын өрнегін көрсеткен Серікбай Асылжан туринирдің ең үздік боксшы деп танылды. 5 мемлекеттік үздіктері қатысқан спорт сайысында Қытай мен Өзбекстан командасы бар болғаны екі алтын медальден еншіледі. Осымен 42-ші рет өткен халықаралық турнирге енді Орталық Азия мемлекеттерімен қоса өзге елдердің де спортшыларын қатыстыру талабы қойылып отыр.
Мырзағали Айтжанов, Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері:
Алдымызда 2 әлемдік деңгейдегі турнир бар. Біреуі Италияда наурыз айында өтеді. Екіншісі мамыр айында Тайландта өтеді. Сол турнирлерде бұған дейін алмаған жолдамаларымызды ұтуға барымызды саламыз.
Ғани Қалмаханов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Халықаралық бокс турнирінде қазақстандық боксшылар 9 алтын медаль алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183211/)