Елімізде келесі жылдан бастап әлеуметтік екі жәрдемақының мөлшері артады. Ол еңбекке қабілетсіз болып қалғандар мен асыраушысынан айырылғандарға төленетін төлем. Тиісті қаулыға бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды. Құжатқа сәйкес қаңтардан бастап жәрдемақы мөлшері 7 пайызға көбейеді.
Елде еңбекке жарамсыз болып қалған 87 мың адам мен асыраушысынан айырылған 60 мыңдай отбасы бар. Оларға жәрдемақыны арттыру үшін бюджеттен қосымша 5 млрд теңге бөлінбек.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде әлеуметтік екі жәрдемақының мөлшері артады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183220/)