Жәнібек Әлімханұлы Геннадий Головкинді ысырып тастады. Американың әйгілі «The Ring» журналы орта салмақтағы рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Алдыңғы басылыммен салыстырғанда біршама өзгерістер бар: рейтингінің бұрынғы көшбасшысы Геннадий Головкин тізімнен шығарылып, оның орнын бұған дейін екінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы басты. Екінші орында Доминикан Республикасының өкілі Карлос Адамес, үшінші сатыда – кубалық Эрисланди Лара. Тағы бір отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов 7-ші орыннан 6-ға көтерілді.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жәнібек Әлімханұлы Головкинді ығыстырып, рейтингіде көш бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183234/)