Бұрынғы Әділет министрі ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұрынғы Әділет министрі ұсталды

21.10.2023

Экс әділет министрі күдікке ілікті. Антикоррупциялық қызмет бұрынғы Әділет министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады. Антикордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді дейді. Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу