Газа секторына гуманитарлық көмек тиеген көліктердің кіруіне рұқсат берілді. Әзірге тек 20 жүк көлігі ғана өткен. Бірнеше күн бойғы кідірістен соң олар секторға Мысырмен арадағы Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы кірді. Палестиналықтарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізілді. Алайда БҰҰ бұл мардымсыз деп мәлімдеді. 20 жүк көлігін өткізгеннен кейін Рафах өткелі бірден жабылды.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Газаға гуманитарлық жүк тиеген көліктер кірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183244/)