Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен мемлекеттердің медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі коалициясын құруды ұсынды. Бұл бірлестік денсаулық сақтау және аурудың алдын алу қағидаттарын одан әрі ілгерілетуге, медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту жөніндегі бірлескен ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді. Мұндай ұсынысты Мемлекет басшысы медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияда айтты. Пленарлық отырысқа қатысқан Президент өз сөзінде денсаулық сақтау және медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің халықаралық жүйесін жетілдіру ісінде Алматы және Астана декларацияларының маңызы зор екенін атап өтті.
Оңғар Алпысбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекеттердің медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі коалициясын құру ұсынылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183287/)