Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы Көгершін ауылында мәдениет үйі ашылды. Тұрғындар көптен күткен клуб «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынған. 100-ге жуық адам сиятын ғимарат құрылысы бір жыл бұрын басталды. Енді мәдениет ошағының материалдық-техникалық базасы да нығая түспек. Жаңа нысанның ашылуына келген жергілікті жұрттың қуанышында шек жоқ.
Данияр Әлімқұл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында ауылда жаңа мәдениет үйі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183291/)