Оңтүстік Корея, Жапония және АҚШ әуе күштері алғаш рет бірлесіп жаттығу өткізді. Әскери ұшақтар Корей түбегі маңында көкке көтерілген. Сеулдің ресми мәліметі бойынша, бұл жаттығулардың мақсаты – Солтүстік Кореядан төнген ядролық және зымырандық қауіпке жауап беруге машықтану.
Әуе күштерінің бірлескен шарасына Американың В-52 бомбалаушы ұшағы мен үш елдің соғысушы ұшақтары қатысты. Бұның алдында одақтастардың теңізшілері Құрама Штаттарда сүңгуір қайықтарға қарсы «Үнсіз акула» атты жаттығуға қатысқан.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Корея, Жапония және АҚШ әуе күштері жаттығу өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183295/)