Марапат алған қоғам белсенділері өз пікірлерімен бөлісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марапат алған қоғам белсенділері өз пікірлерімен бөлісті

24.10.2023

Бар ынта-жігерін салып адал еңбек еткен адам жемісін көреді. Бүгін марапат алған қоғам белсенділері өз пікірлерімен бөлісті. Кино саласында 50 жыл еңбек етіп, 100-ге жуық рөлді сомдаған Дінмұхаммед Ахимов «Халық әртісі» атағын алды. Белгілі актер мерейлі сәттің дәл Республика күніне тұспа-тұс келгеніне дән риза. Бүгін президенттің әрбір сөзін мұқият тыңдадым дейді Халық әртісі.

Дінмұхамед Ахимов, Қазақстанның Халық әртісі:

Жаңа Қазақстанды құру – оңай нәрсе емес. Оның деген түп-тамырынан бастап, көтеру керек. Дүниежүзімен қарым-қатынасты ұлғайта беру керек. Әр семьяда әр азамат өз орнын тауып, қызмет істеу керек. 

3 жылдан бері Қазақстанның Азаматтық Альянсын басқарып келген Бану Нұрғазиева бар ынта-жігерін салып, адал еңбек еткен адам жемісін көреді дейді.

Бану Нұрғазиева, Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті:

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтып жатқан сөздері бәрімізге өте жақын. Тарихқа да тоқталып жатыр. Әрбір адамның қосып жатқан үлестері

Бүгін наградталғандардың қатарында ұстаздар қауымы көп. 48 жыл бойы мұғалім болып істеген Майра Бейсеханова да еңбегі еленгендердің бірі. Ол ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға ұстаздық етеді.

Майра Бейсеханова, Мұғалім:

Мұны алғаннан кейін жауапкершілігім өте зор. Біріншіден, тастанды балалар, жетім балалар, бір жағдаймен қайтыс болған балалар. Соларға мен мемлекет алдында мемлекеттік қамқоршы ретінде жауаптымын. Соларды адам ғып өсіру, келешекте ҚР-ның азаматы пен азаматшалары болуы керек.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу