Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті қаржыландыру - жалпы көрсеткіштің 56%-ын құрайды. Былтыр елімізде жаңадан 655 алғашқы көмек нысаны іске қосылды. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясында айтты. Жиынға әлемнің 54 елінен делегаттар келді. Екі күндік сессия аясында спикерлер денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді, инфекциялық және инфекциялық емес аурулармен күрес туралы тақырыптарда сөз қозғады. Еліміздің Премьер-Министрі былтыр 32 аудандық аурухана жаңғыртылғанын айтты. Айта кетейік, елімізде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Денсаулық саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183411/)