Жұмбақ жағдайда қайтыс болған студенттің өліміне қатысы бар деген күдікпен үш адам қамауға алынды. Ақмола облысында осыдан жиырма күн бұрын 19 жасар жігіттің денесі «Бурабай-Жамантұз» курорты аралығындағы теміржол рельсінен табылған. Қайтыс болған студенттің ата-анасы оның өз-өзіне қол жұмсамағанын, бәзбіреулердің ақша бопсалағанын айтып арыз жазған. Кейін, осы іс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысындағы студенттің өлімі: Күдіктілер қамауға алынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183455/)