Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесіп, мемлекет басшысының жылы сәлемін жеткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің 22-ші отырысы Бішкек қаласында өтті. Жиында Әлихан Смайылов Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері арасындағы электрондық сауданы дамыту үшін кедендік рәсімдерді жеңілдетуге шақырды. Осы мақсатта Премьер-Министр кеден органдары басшыларының кезектен тыс отырысын өткізуді, сондай-ақ, өзара есеп айырысуда ұлттық валюталардың үлесін арттыруды және «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды ұсынды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылданған міндеттемелердің орындалуын бағалауды тапсырды. Бұл құжат нақты экономикалық нәтижесі бар салалардағы интеграциялық үдерістердің дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін. Бұл ретте ЕАЭО-тың базалық қағидаттары мен мақсаттары, атап айтқанда, оның экономикалық бағыты интеграцияның мызғымас негізі болып қалуы керек.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлихан Смайылов Қырғызстан Президентімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183467/)