Ақтауда тағы да қандаланың уынан тұрғындар зардап шекті. 5 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Бір баланың жағдайы ауыр.
Бұл 1 айда болып тұрған екінші оқиға. 3 «А» шағын ауданның 25-үйінде пәтерлердің бірін қандалаға қарсы белгісіз препаратпен улаған. Салдарынан көрші үйдің 5 адамы ауруханаға жеткізілді, оның үшеуі бала. Дәрігерлер 2 жеткіншекті тексеріп, үйге қайтарған. Ал бір бала ауыр жағдайда ауруханда жатыр. Тағы ересек 2 тұрғынға амбулаторлық ем көрсетіліп, үйіне жіберілді. Айта кетейін, Ақтауда осыдан 5 күн бұрын дәл осындай оқиға болып, бір отбасының 2 бірдей баласы қайтыс болды. Анасымен тағы 2 бүлдіршін ауруханаға жатқызылды. 6 жасар баланың жағдайы ауыр болатын. Бүлдіршін тәуір болып, ауруханадан шыққан.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда қандаланың уынан 5 адам зардап шекті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183504/)