Қазақстандық кәсіпкерлер мемлекетке заңсыз төлем жасап келген. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады. Былтыр қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін ақының ережелері өзгерген. Нәтижесінде 2 мыңнан астам компания міндетті төлемнен босатылған еді. Алайда, салық органдары бизнес өкілдеріне өзгерісті түсіндірмегендіктен олар мемлекетке 2 млрд 400 млн теңге төлеген. Көлік прокуратурасының тексеруінен кейін кәсіпкерлерге бұл қаржы толығымен қайтарылатын болды.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бас прокуратура: Кәсіпкерлерге 2,4 млрд теңге қайтарылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183506/)