Шымкент қаласында көлікке жалған нөмір жасағандар ұсталды. Самара-Шымкент тас жолында «Нива» автокөлігінің мемлекеттік нөмірі/ тәртіп сақшыларының күдігін туғызған. Анықтай келе, полиция мемлекеттік нөмірлерді арнайы цехта қолдан жасап жатқан жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту кезінде 103 дана нөмірлік белгі , 100-ден астам голограммалық жапсырмалар және арнайы станок табылды. Тергеу жүріп жатыр.
Айнұр Әбілқасымқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында көліктің мемлекеттік нөмірін қолдан жасаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183523/)