Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 32-ге жетті. Қазір оқиға орнынан тілшіміз Руслан Нұрланұлы бізбен байланысқа шығады. Руслан, соңғы ақпараттармен бөліссең.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Құтқарушылар тағы бірнеше кеншінің денесін тапты. Қайтыс болғандар саны қазіргі сағатқа келіп түскен ақпарат бойынша 28 адам. Сондай-ақ, тағы 18 кенші іздестіріліп жатыр. 208 кенші аман-есен шығарылды. Олардың 18-і ауруханада. Дені метан газынан уланған. Бір адамның жағдайы ауыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Костенко шахтасында болған апаттан қаза тапқандар саны 32-ге жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183613/)