![29 қазан – Жалпыұлттық аза тұту күні](https://cdn.qazaqstan.tv/2023/10/29/1698518245006.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты елімізде 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфирінен ойын-сауықтық бағдарламалар мен жарнамалық контент көрсетілмейді.
Таңғы 09:00-ден бастап тікелей эфирде «Aqparat» шығарылымдары ұсынылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=29 қазан – Жалпыұлттық аза тұту күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183648/)