Апат болған Костенко шахтасындағы кей учаскелерді су басып қалған. Жер астында жүргізіліп жатқан құтқару жұмыстарында кездескен қиындықтардың ең негізгісі - өрттен кейін болған жарылыс жер астында жер қыртыстарының қопарыдып түсуіне әкеп соққан. Яғни, көп жерлер жабылып қалған және тау болып үйіліп жатқан жерлерде де адам болуы мүмкін, дейді мамандар. Екіншісі - өрт және жарылыс салдарынан жер астындағы электр энергиясын өшіруге мәжбүр болған. Ал, электр энергиясы жер астында су сорғы құрылғыларын аса қажет. Қазір екі шахтаға су толып қалған.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Апат болған Костенко шахтасындағы кей учаскелерді су басып қалған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183679/)