«АрселорМиттал Теміртау»-дың инвесторлары ауысса да, жұмысшылар алдындағы міндеттемелер сақталады. Бұл туралы компанияның жаңа басшысы Вадим Басин мәлімдеді. Оның сөзінше, еңбек шарты бұзылмайды, әлеуметтік төлем сақталады. Сондай-ақ, ұжымдағы бірде-бір қызметкер жұмыстан шығарылмайды, ешбірінің құқығы төмендетілмейді, - деді Вадим Басин.
Вадим Басин, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшысы:
Кеше мемлекет басшысы компанияның проблемалық активтеріне қатысты инвестормен қарым-қатынас тоқтатылып жатқанын айтты. Жалақы мен әлеуметтік кепілдіктер өзгермейді. Тек еңбек шартын жақсарту жағы ғана қарастырылады. Бұл – компанияның жұмысын жалғастыру және әлеуметтік жауапкершілікті сезіну үшін қажетті шарт.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Вадим Басин: AMT иесінің ауысуы компанияның міндеттемелеріне әсер етпейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183682/)