Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті. Аварияны жою жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы қайғылы оқиға болған жерге тексеру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру жұмыстары шамамен арасы 4 км қашықтықта орналасқан екі учаскенің маңында жүргізілуде. Құтқарушылар қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Газ жағдайы бақылауда. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 55 тау-кен құтқарушысы және 15 техника жұмылдырылды. Шұғыл медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін 7 бірлік жедел жәрдем техникасы мен 21 адам тағайындалған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183695/)