Айдана Шағалақова, Бельгиядағы қазақ диаспорасының өкілі:
Қазақстандағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту үшін еліміздің Бельгиядағы елшілігіне келдік. Қаза тапқандардың отбасыларына сабыр тілеймін. Иманды болсын. Мұндай қайғы енді болмасын.
Әйгерім Шағалақова, Бельгиядағы қазақ диаспорасының өкілі:
Қарағандыдағы қайғылы апаттан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Жандары жаннатта болсын. Енді осы жағдай қайталанбас үшін барлық іс-шара жасалынатынына үміттенеміз.
Марсель Версаммен, Брюссель қаласының тұрғыны:
Қазақ достарымнан осындай қайғылы жағдай жайлы естіп, көңілім босады. Бұл үлкен қасірет. Қаза тапқан азаматтардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Бельгиялықтар Сіздермен бірге!Бекем болыңыздар!
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бельгиядағы қазақ диаспорасының өкілдері Қарағандыдағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183737/)